Алматыдағы сайлау таңы: алғаш келген сайлаушыларға естелік сыйлық табысталды

267
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/YV1ZlQpVimAflbpTu8UtqrxS06hY4cHFGJRVI1uX.jpg

Алматыда сайлау таңы дауыс берумен қатар, учаскелерге алғашқылардың бірі болып келген тұрғындарға арналған шағын сыйлықтармен басталды. Қаланың әр ауданында алғашқы сайлаушыларға естелік тарту әзірленді.

Алмалы ауданында таңертеңнен сайлаушылар легі байқалды. Алғаш келген тұрғындарға блокнот, «Қазақстан» шоколады және кепка табысталды. Мұндай сыйлықтар сайлау учаскелерінде жылы әрі мерекелік көңіл күй қалыптастыруға сеп болды.

Түрксіб ауданында да алғашқы сайлаушыларға қуаттағыш, электр шәйнегі, «Қазақстан» шоколады, күнделік және басқа да естелік сыйлықтар дайындалды.

Алматының өзге аудандарында да алғашқы сайлаушыларға сыйлық табысталып жатыр. Мәселен, №60 сайлау учаскесінде дауыс берген зейнеткер Әліпбай Жұмантаевқа кепка мен шоколад сыйға берілді. Оның айтуынша, сайлауға ерте келіп дауыс беру әдетке айналған.

«Азаматтық борышымды ертерек орындауды жөн көрдім», — деді ол.

Мұндай бастама дауыс беру күніндегі шағын дәстүрдің біріне айналып, алғашқы сайлаушыларға ерекше көңіл күй сыйлап отыр.

댓글
기타 기사