Мәслихат депутаттары дауыс беруге белсенді қатысуда

285
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8Hxz2V9cTRlJ57xdmJsfneYk0tVULJcf6wy4QiIY.jpg

Бүгін Алматыда Құрылтай сайлауына дауыс беру өтіп жатыр. Мәслихат депутаттары да таңертеңнен өздері тіркелген сайлау учаскелеріне барып, азаматтық таңдауын жасауда. Олардың бірқатары дауыс беруге отбасымен, балаларымен бірге келді. Бұл – өскелең ұрпаққа азаматтық жауапкершілік пен ел өміріне белсенді араласудың мәнін өз үлгісімен көрсетудің бір көрінісі.

Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев сайлау учаскелерінде алғашқы сағаттардан-ақ қала тұрғындарының белсенділігі байқалып отырғанын атап өтті.

«Бүгін сайлау учаскелерінде алматылықтардың белсенділігін көріп отырмыз. Мәслихат депутаттары да дауыс беруге белсенді қатысып, бірқатары сайлау учаскелеріне отбасымен, балаларымен бірге келуде. Мұндай сәттерде азаматтық ұстаным сөзбен емес, жеке үлгімен де қалыптасады. Әрбір отбасының таңдауы мен әрбір азаматтың дауысы – еліміздің ертеңіне деген жауапкершілік», – деді Мейіржан Отыншиев.

Қаланың әр ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру жалғасуда.

댓글
기타 기사