Қытайда магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді

121
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/poGwPn07HycemWXKmCSYzWbs0qpOcOiyXcdKKQoF.webp

Қытай аумағында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы жер сілкінісін тіркеген. Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының деректеріне сәйкес, жер сілкінісі 29 тамызда Астана уақытымен сағат 03:07-де болған.

Зілзаланың эпицентрі 42,36 градус солтүстік ендік және 80,45 градус шығыс бойлықта орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы mb=5,1, энергетикалық класы K=11,7 болды.

Қазіргі уақытта жер сілкінісінің салдары туралы ақпарат жоқ.

댓글
기타 기사