«Бернвич» ірі есеппен жеңілді. Сәтбаев Чемпионшипте алғаш рет негізгі құрамда шықты

72
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8ldSXxP67TnCZE5LJ0O71pIauCSzWm7m33c3ZXPn.jpg

Англия Чемпионшипінің үшінші турында «Бернли» сырт алаңда «Норвичке» 1:4 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды "Адырна".

29 тамызда Норидждегі «Карроу Роуд» стадионында өткен кездесуде алаң иелері матчтың алғашқы минуттарынан-ақ басымдық танытты. «Норвич» екі голды небәрі бес минуттың ішінде соқты. 2-минутта Мохаммед Туре есеп ашса, араға үш минут салып Андре Брукс командасының артықшылығын еселеді.

21-минутта Туре тағы да мергендік танытып, дубльін рәсімдеді. Осылайша, «Норвич» алғашқы таймның ортасына қарай 3:0 есебімен алға шықты.

27-минутта «Бернли» сапынан Джош Лорент бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен екінші таймда алаң иелері тағы бір мәрте гол соқты. 67-минутта Брукс өзінің екінші голын енгізіп, матчтың қорытынды есебін белгіледі — 4:1.

Кездесудің соңына қарай «Бернли» бір ойыншыға кем құрамда қалды. 77-минутта Лорент екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтбаев бұл ойынды «Бернлидің» негізгі құрамында бастап, толықтай алғашқы минуттардан алаңға шықты. Алайда жас футболшы нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Бұл оның Чемпионшиптегі «Бернли» сапындағы негізгі құрамдағы алғашқы ойыны болды.

Үш турдың қорытындысы бойынша «Бернли» бір ұпаймен турнир кестесінің 21-орнында келеді. Ал «Норвич» үш ұпай жинап, 15-сатыға көтерілді.

댓글
기타 기사