Синай түбегінде автобус апатынан кемінде 22 адам қаза тапқан

144
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/gYL70HCelcuDZmDb2cHRj6pGxECeoLReTsXyUn4D.webp

Мысырдың Синай түбегінің оңтүстігінде болған жол-көлік оқиғасынан кемінде 22 адам қаза тауып, тағы 29 адам жарақат алды. Бұл туралы Sky News жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін 16 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Дахаб пен Нувейба қалалары арасындағы жолда туристер мінген автобус аударылып кеткен. Жарақат алғандар Шарм-эш-Шейх, Әулие Екатерина және Әл-Файруз қалаларындағы ауруханаларға жеткізілген.

Иорданияның Al-Mamlaka телеарнасының мәліметінше, автобус жолаушыларының арасында Иордания азаматтары да болған. Олардың 10-ы қаза тапқан. Иордания Сыртқы істер министрлігі өз азаматтарының қаза болғанын растағанымен, нақты санын жарияламады.

Апаттың себептері әзірге айтылған жоқ.

댓글
기타 기사