Елена Рыбакина US Open финалына шықты

111
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/uFCA9KoQJ4zwxr3ceSxei3DUmzzPmqISOYWh8YRH.jpg

Фото:olympic.kz

Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінің финалына жолдама алды. Енді шешуші кездесуде ол Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.

Жартылай финалда Рыбакина америкалық Коко Гауффпен кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Енді шешуші кездесуде қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.

Еске сплайық, Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Әйелдер теннисі қауымдастығының әлемдік рейтингінде көш бастады. 14 қыркүйекте Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы теннисшіні «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтаған болатын.

Қазіргі уақытта Рыбакинаның еншісінде WTA турнирлеріндегі 13 жекелей титул бар. Ол «Үлкен дулыға» жарыстарының екі дүркін чемпионы. 2022 жылы Уимблдонда топ жарса, 2026 жылы Australian Open турнирінде жеңіске жетті.

 

댓글
기타 기사