Жұмыртқалар шекарадан кері қайтарылды

125
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8uzGKROwEIMGtUTxz3xCUjwiEw03LOWz2qvF4lvw.jpg

Ресейден Қазақстанға бағыт алған 252 мың дана тауық жұмыртқасы міндетті ветеринариялық құжаттары болмағандықтан ел аумағына өткізілмеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға «Жайсаң» ветеринариялық бақылау бекетінде болған. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы қызметкерлері Ресейден Байқоңыр қаласына бағыт алған көлікті тексерген.

Бақылау барысында тасымалданған жұмыртқа партиясына қажетті ветеринариялық ілеспе құжаттардың жоқ екені анықталған.

Осы факті бойынша тиісті акт толтырылып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделді.

Министрлік мәліметінше, 252 мың дана жұмыртқа тиелген партия Ресейге кері қайтарылған. Тасымалдаушыға ветеринариялық заңнама талаптары және бақылаудағы өнімдерді мемлекеттік шекара арқылы өткізу тәртібі түсіндірілді.

댓글
기타 기사