"Берік байланысты нығайтамыз деп сенемін". Трамп Қазақстанды мерзімінен бұрын құттықтады

76
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KQ3lQM8y7KXFYP6CNSFqHTgfVpSygFywgS2WqC15.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды “Адырна”.

Құттықтау хатында АҚШ президенті Қазақстан халқын айтулы мерекемен құттықтап, елдің тәуелсіздік жылдарында сақтап, дамытқан мәдениеті мен тарихи мұрасына жоғары баға берген.

«Миллиондаған қазақстандық Астанада және елдің түкпір-түкпірінде 1991 жылы республика Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері көздің қарашығындай сақтап, еселей түскен бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас келбетін ерекше мақтанышпен паш етеді», – делінген хатта.

Дональд Трамп сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, екі ел арасындағы берік байланыстарды одан әрі нығайтуға ниетті. "Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін",- делінген құттықтауда.

«Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін», – деді АҚШ президенті.

Құттықтауында Трамп Қазақстан Президентінің көшбасшылық қасиеттеріне де тоқталып, Қасым-Жомарт Тоқаевты «тегеурінді әрі батыл көшбасшы» деп атады.

«Қазақстан халқының бағына орай, Сіз сияқты тегеурінді әрі батыл көшбасшысы бар. Осы қуанышты сәтті сіздермен бөлісу – мен үшін зор мәртебе», - делінген құттықтау хатында.

Қазақстан 1991 жылғы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялаған. Биыл ел Тәуелсіздігіне 35 жыл толып отыр.

댓글
기타 기사