Бақытжан Базарбек қағып кеткен ер адам ауруханадан шықты

173
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/gZi2lAeo0kLFLeEJPX1diZsaWdFowdLJNxUWiXud.webp

Жамбыл облысында экс-депутат Бақытжан Базарбек қағып кеткен 36 жастағы Нұржігіт Қошанов ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Науқастың ауруханадан шыққан сәтін бұрынғы мәжілісмен Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде жариялады. Оның айтуынша, зардап шегуші апаттан кейін 31 күн өткен соң ауруханадан шыққан.

«Нұржігітті Тараз қаласының қалалық көпбейінді ауруханасынан шығардық»,– деді Базарбек.

Жамбыл облысындағы жол апаты 15 тамызда кешкі сағат сегіздер шамасында болған еді. Полицияның алдын ала мәліметінше, Toyota көлігін басқарған Бақытжан Базарбек республикалық маңызы бар тасжолдың жүргін бөлігінде болған 36 жастағы ер адамды қағып кеткен. Дәрігерлер науқастың жағдайы аса ауыр екенін жеткізді. Кейін экс-депутат жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге түскен бейнежазбаны жариялады. Тамыз айының соңында Нұржігіт Қошанов Құлан ауылындағы ауруханадан Тараз қалалық ауруханасына ауыстырылды. Ол 24 күннен кейін комадан шыққан.

댓글
기타 기사