Павлодарда жылына 150 мың тонна қалдық сұрыптайтын кешен ашылды

7294
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/e4m3NUc6lDYQGx9UPSRbWQYncp55yi5T4VHgajmW.jpg

 фото: "Жасыл даму"

Павлодарда облыс әкімі Асайын Байхановтың қатысуымен «Сортировочный центр» ЖШС-нің қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын жаңа кешені ашылды.

Жоба «Жасыл даму» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен іске асырылды. Жобаның жалпы құны шамамен 3,9 млрд теңгені құрайды. Оның 2,6 млрд теңгесі кәдеге жарату төлемдері есебінен қарыздық қаржыландыру түрінде берілді. Тағы шамамен 1,3 млрд теңге кәсіпорынның өз қаражаты есебінен қаржыландырылды.

Кешен жылына 150 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықты сұрыптауға қауқарлы. Сұрыптау барысында қалдықтардан кейіннен қайта өңдеуге жіберілетін қайталама материалдық ресурстар бөлініп алынады. Бұл көмуге жіберілетін қалдықтардың көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Жоба аясында 116 жұмыс орнын құру көзделген.



댓글
기타 기사