Ақтауда халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өтеді

219
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/FYrk0y6z6WHUKxjWlJiOIjeHPrNYItJxYK9KQmuq.png

2026 жылғы 25–27 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өткізіледі.
Фестиваль бағдарламасы аясында халықаралық ән байқауы ұйымдастырылып, Ақтау қаласының туған күніне орай қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт өтеді.

Бағдарлама:

 25 қыркүйек – халықаралық «Каспий – достық теңізі» эстрадалық вокал фестиваль-байқауының салтанатты ашылуы. Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы. Уақыты: 19:00;

 26 қыркүйек – байқаудың конкурстық бағдарламасы. Өтетін орны: 4А ш/а «Жартасты соқпақ» алаңы. Уақыты: 17:00;

 27 қыркүйек – фестиваль-байқаудың жабылу салтанаты және Ақтау қаласының туған күніне арналған мерекелік гала-концерт. Кештің жұлдыздары қатарында Лұқпан Жолдасов, Тамара Асар, Raim, Маржан Арапбаева және Жанар Дұғалова. Өтетін орны: 15 ш/а «Амфитеатр» алаңы.  Уақыты: 19:00.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі тұрғындар мен қонақтарды халықаралық фестиваль мен мерекелік концерттің құрметті қонағы болуға шақырды.

댓글
기타 기사