Қырғызстан алғаш рет өз спутнигін ғарышқа ұшырады

118
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ydB8CYD708BGU4IOwLK6xf0cLH0HAvLnWUB3Kro2.webp

Қырғызстан алғаш рет өзінің жасанды жер серігін ғарышқа ұшыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Адырна".

Спутникті Калифорния аумағынан 1 қазанда ұшыру көзделген.

Ғарыш аппаратының салмағы – 5 келі. Оны әзірлеуге және құрастыруға 2,5 жыл жұмсалған. Жобаның құны 10–12 миллион сомды құрайды.

Спутник Бішкектегі Ленин атындағы зауытта құрастырылған. Жобаға он инженер қатысқан. «Кыргыз электроника» компаниясының директоры Илья Черныйдың айтуынша, аппарат көпфункционалды және жоғары ажыратымдылықтағы камералармен жабдықталған.

Спутниктен алынған суреттерді Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланбақ. Черныйдың сөзінше, аппараттағы технологиялардың басым бөлігі ресейлік. Оның айтуынша, спутникті нөлден бастап әзірлеуге 5–10 жыл қажет.

Аппаратты ғарышқа қандай зымыран-тасығышпен ұшыратыны әзірге хабарланған жоқ.

댓글
기타 기사