Қазақстан мен Қытай 8,2 млрд долларлық 50 келісімге қол қойды

121
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bLN3m4s6PMiWAgDxGrdPHmZE2EY5iR3m18is7aF3.webp

Алматыда өткен инвестициялық форум аясында Қазақстан мен Қытай жалпы сомасы 8,2 млрд долларды құрайтын келісімдерге қол қойды. Бұл туралы Ақорда жаһды, деп хабаплайды "Адырна".

«Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы аясында жалпы сомасы 8,2 млрд доллар болатын 50 коммерциялық құжатқа қол қойылды», – делінген хабарламада.

Екіжақты келісімдер аясында бірқатар ірі жобаны жүзеге асыру көзделген. Абай облысында электролиттік алюминий өндіретін зауыт пен оған іргелес жел электр станциясын салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Ақмола облысында жалпы қуаты 450 МВт болатын жел электр станцияларын салу, Семей қаласында ағаш-жаңқа тақталарын өндіретін кәсіпорын ашу жобалары қарастырылған.

Бұдан бөлек, «Самұрық-Энерго» АҚ, China Energy Overseas Investment Co., Ltd. және SANY Renewable Energy Co., Ltd. компаниялары арасында бірлескен жобаны әзірлеу жоспарланған.

Келісімдер шеңберінде автомобиль жасау саласындағы жобаларды іске асыру, бірлескен инвестициялық қор құру және басқа да инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру көзделген.

Жалпы, қол қойылған коммерциялық құжаттар Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық және өндірістік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған.

댓글
기타 기사