Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын өткізеді

182
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4XCzAZfAB2zWjFmB7IGUVE6EZ2IrioRja27GeBYA.jpg

Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін UEFA Ұлттар лигасындағы алғашқы кездесуін Фарер аралдарының командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды "Адырна".

Матч Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады. Кездесуді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақстан мен Фарер аралдары құрамалары бұған дейін бес рет кездескен. Оның үшеуінде Қазақстан құрамасы жеңіліп, бір ойында тең нәтиже тіркелген. Бір кездесуде ұлттық құрама қарсыласынан басым түскен.

Ойынға Қазақстан құрамасының 30 футболшысы шақырылды.

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Астана»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Широбоков, Александр Мрынский (екеуі де — «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский («Астана»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман (екеуі де — «Астана»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Дамир Қасаболат, Исмаил Бекболат (екеуі де — «Қайрат»).

Шабуылшылар: Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Азамат Тұяқбаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де — «Ахмат», Ресей), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов, Станислав Басманов (екеуі де — «Астана»), Эльхан Астанов («Ордабасы»).

댓글
기타 기사