Иран АҚШ-қа Ормұз бұғазын ашу жөнінде жаңа ұсыныс жасады

121
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/uon7EJv8kFJbISzhuOEfOGBgrzzzUnfepYpaUkNo.webp

Иран АҚШ-қа Ормұз бұғазын қайта ашып, Таяу Шығыстағы әскери қақтығысты тоқтатуға бағытталған жаңа ұсыныс жасады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы Reuters хабарлады.

Ұсыныс Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Қатардың араағайындығымен АҚШ тарапына жеткізілген. Жоспарға сәйкес, келісім жасалған жағдайда жеті күн ішінде Ормұз бұғазындағы кеме қатынасын қалпына келтіру және өңірдегі соғыс қимылдарын тоқтату көзделген. Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчидің айтуынша, жеті күндік кезеңнен кейін тараптар Иранның ядролық бағдарламасын қоса алғанда, басқа мәселелер бойынша кең ауқымды келіссөз бастай алады.

Иран өз кезегінде уран байыту құқығынан бас тартпайтынын және жоғары деңгейде байытылған уран қорын елден шығаруға келіспейтінін айтты.

Жоспар бойынша АҚШ Иран порттарына енгізілген блокаданы алып тастап, бұғатталған активтерді босатуы және мұнай экспортына қатысты санкцияларды жеңілдетуі тиіс. Бұған жауап ретінде Тегеран Ормұз бұғазын ашып, өңірдегі, соның ішінде Ливандағы әскери қимылдарды тоқтатуды ұсынады.

Бұған дейін The Wall Street Journal АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ұсынысын қабылдамағанын жазған. Алайда Reuters бұл ақпаратты тәуелсіз түрде растай алмағанын атап өтті.

Қазір Иран АҚШ-тың ресми жауабын күтіп отыр.

댓글
기타 기사