Шымкент әуежайында жанжал шығарған екеу қамалды

203
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/rfFCmA3DoHYb0ZhXtvMvAaLwV2HoF14MQG0vjCvz.png

Фото ЖИ көмегімен жасалды
Шымкент әуежайында рейске кешігіп қалған Астананың екі тұрғыны жанжал шығарған, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Сот олардың әрқайсысын бес тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Полицияның мәліметінше, 28 және 32 жастағы ер адамдар ұшаққа уақытында үлгермегеннен кейін әуежай терминалында қатты наразылық білдіріп, балағат сөздер айтқан. Әуе компаниясының өкілдері оқиға бойынша акт жасап, көліктегі полицияға хабарлаған.

Тексеру барысында екі жолаушының да мас күйінде болғаны анықталды. Олар полиция бөліміне жеткізіліп, қоғамдық орында мас күйінде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен екі ер адамға да бес тәуліктен әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Көліктегі полиция департаменті әуежайлар мен өзге де көлік нысандарында қоғамдық тәртіпті бұзу заңға сәйкес қатаң түрде тоқтатылатынын еске салды.

댓글
기타 기사