Ыстамбұлда тұтқындалған ұшақ кері қайтарылды

169
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LlxlGtcefEIXpa48mYxNAdxWNaMYnhrgTHTI2lNL.webp

Иранның Caspian Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақ Стамбұл халықаралық әуежайында уақытша тұтқындалғаннан кейін Тегеранға қайтуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды "Адырна".

EP-KPB тіркеу нөмірлі әуе кемесін түрік сотының шешімімен ACM Temsil Gözetim мониторинг және сервистік компаниясының талап-арызы бойынша уақытша тұтқындаған. Бұған Caspian Airlines компаниясының бұған дейін көрсетілген әуежай және диспетчерлік қызметтер үшін шамамен 3 миллион еуро (3,4 миллион доллар) көлемінде берешегі себеп болған.

Ұшақ Стамбұлдан Тегеранға ұшуға дайындалып, жолаушылар бортқа мінген кезде сот орындаушылары мен талапкер тараптың адвокаттары әуе кемесіне кірген. Атқарушы органдардың талабымен жолаушылар мен экипаж рейстен түсіріліп, әуежай терминалына қайтарылған.

Caspian Airlines өкілдерінің мәліметінше, құқықтық рәсімдер аяқталып, ұшақты пайдалануға қойылған уақытша шектеулер алынып тасталған. Осыдан кейін әуе кемесінің Иранға ұшып кетуі келісілген.

댓글
기타 기사