Назарбаев кезеңінен қалған жыр. Төртінші МӨЗ төртінші тоқсанда анықталады

153
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/F2TJUqM4rZc9kLMbAkwOT8CYlHPKjSALO548Siqk.jpg

Фото ЖИ көмегімен жасалды

Қазақстанда төртінші ірі мұнай өңдеу зауытын салуға арналған алаң 2026 жылдың соңына дейін анықталмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп. 

Қазір нысан салынуы мүмкін төрт өңір қаралып жатыр.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, Ұлытау, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы ықтимал алаңдарға салыстырмалы талдау жүргізілуде. Соның нәтижесінде зауыт салуға ең қолайлы өңір таңдалады.

Жаңа мұнай өңдеу және мұнай-химия кешенінің қуаты жылына 10 млн тоннаға дейін болады. Нысанды 2033 жылға дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Министрлік қолданыстағы мұнай өңдеу кәсіпорындарының қуатын да арттыруды көздеп отыр. Осы жобалардың нәтижесінде Қазақстандағы мұнай өңдеудің жалпы көлемі жылына 39 млн тоннаға дейін жеткізілмек.

Айта кетейік, Қазақстанда төртінші ірі мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Тіпті Қазақстанның алғашы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі кезінен бері құрылыс орны, бастау мерзімі мен жобаның құны түпкілікті бекітілмеген.

댓글
기타 기사