Футболдан бас бапкер Қазақстан құрамасынан кете ме?

135
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3eJ0MI0H2KQ34Pp1IgwJlUmtdZyKmYJ7paY9KdWB.webp

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип Молдовадан жеңілгеннен кейін қызметінен кету жоспары жоқ екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы TengriSport-қа сілтеп.

Ұлттар лигасының алғашқы үш кездесуінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетпеді. Команда Фарер аралдарымен тең ойнап, кейін Словакия мен Молдовадан жеңілді.

«Астана Аренада» өткен матчтан кейін бас бапкерге отставкаға кету туралы сұрақ қойылды. Нидерландылық маман шешім қабылдау өз құзыретінде емес екенін айтып, жұмысын жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

«Мен отставкаға кетуді жоспарлап отырған жоқпын. Жұмысымды жалғастырамын деп үміттенемін. Біз бәріміз бірге жеңілдік. Енді алдағы ойындарға жақсырақ дайындалуымыз керек», – деді Джон ван ’т Схип.

Айта кетейік, 62 жастағы маман Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне 7 тамызда тағайындалған. Ол бұған дейін Грекия мен Армения ұлттық құрамаларын жаттықтырған.

댓글
기타 기사