Айыптау мен теріс қылық. Президент судьяларды қызметінен босатты

116
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HYRUP4ncEWAFwAQYJf1jfiTupl5JEZCzXR1zRa1w.jpg

Фото ЖИ-мен жасалған
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларды тағайындау және қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды “Адырна”. 

2026 жылдың 1 қазанындағы №1511 құжатқа сәйкес, бірқатар сот басшысы мен судьяның өкілеттігі тоқтатылды.

Айыптау үкімдерінің заңды күшіне енуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысындағы екі сот төрағасы — Бекбол Баймаханов пен Ерлан Ибраев қызметінен босатылды. Ал сот жюриінің тәртіптік теріс қылыққа қатысты шешімі бойынша Ұлытау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Шайқамалов, Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы Дәурен Айқұлов және Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотының төрағасы Айжан Сатыбалдиева қызметінен босатылды.

Жарлықпен Абай облысының Жарма аудандық сотына Айгүл Сәдуақасова, Қостанай облысының Рудный қалалық сотына Шолпан Нақыпова төраға болып тағайындалды. Сондай-ақ еліміздің бірқатар өңіріндегі соттарға жаңа судьялар тағайындалды.

Бұдан бөлек, бірқатар сот төрағасы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты төрағалық қызметтен босатылып, судья болып қалды. Кейбір сот басшылары өз өтініші бойынша қызметінен кетіп, судьялық өкілеттігін сақтады. Бірқатар судья отставкаға шығуына немесе басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Жарлыққа сәйкес, сот жүйесінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларымен қатар, Абай, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысында кадрлық өзгерістер болды. Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

댓글
기타 기사