Ақын Серікзат Дүйсенғазының әкесі өмірден өтті

239
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kBTfMVcwvUtNoPk40Wq6d4mz4buXWsNbovLkx5j5.webp

Ақын Серікзат Дүйсенғазының әкесі Мақсұт Дүйсенғазыұлы өмірден өтті. Қаралы хабарды ол Instagram парақшасында жеткізді, деп хабарлайды "Адырна".

Ақын әкесінен айырылғанын айтып, жаназаға қатысты мәліметті кейінірек жариялайтынын жазды.

"Бүгін асқар тау әкем Мақсұт Дүйсенғазыұлы Раббысына қайтты. Жаназасын қосымша хабарлаймыз", - деп жазды Серікзат Дүйсенғазы.

«Адырна» ұлттық порталы ақын, айтыскер, әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазыға әкесі Мақсұт Дүйсенғазыұлының өмірден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтады.

 

댓글
기타 기사