Қырғызстан алма импортына уақытша тыйым салды

148
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/o2RTiIvbnqFMiuAQdsq2yxgfBNpBVPLeJ25qRyuc.png

Фото ЖИ көмегімен жасалған

Қырғызстан үкіметі 2027 жылғы 1 ақпанға дейін елге алма импорттауға уақытша тыйым енгізді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Қырғызстан үкіметінің мәліметінше, шешім отандық бау-бақша шаруашылықтарын қолдау, 2026 жылғы алма өнімін уақытылы өткізуге жағдай жасау және саланың өндірістік әлеуетін сақтау мақсатында қабылданған.

Шектеу үшінші елдерден, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерден алма жеткізуге қатысты.

Алайда тыйым транзиттік тасымалға және тиісті шешім қабылданғанға дейін Қырғызстанға жөнелтілген алмаға қолданылмайды.

Бұған дейін Қырғызстанда картоп пен қант импортына да уақытша шектеу енгізу ұсынылған.

댓글
기타 기사