Испаниядағы апат. Министрлік қазақстандықтардың бар-жоғын айтты

252
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/DSiTa5AIZDRWOX6wkWyw26F4ak3hz6ZnwhixMfB1.jpg

Испаниядағы теміржол апатында қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы бүгін, 28 қазанда Сыртқы істер министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ»,– делінген хабарламада.

Десе де, СІМ мәліметтерді тексеру жұмыстары жалғасып жатқанын нақтылады.

Еске салайық, бүгін Испанияда 2 пойыз соқтығысып, ірі теміржол апаты болған еді. Испандық БАҚ теміржол апатынан қаза тапқандар саны кем дегенде 50 адамға жеткенін хабарлаған.

댓글
기타 기사