Ақмолада қираған көпірге неге назар аударылмайды?

264
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jNXkPDziDVL0B54aaeV5rzGK5lUYgYs3WBzpktz4.png

Ақмола облысы Біржан сал ауданының Еңбекшілдер ауылдық округіне қарасты Еңбек ауылынан шамамен 10 шақырым жерде, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Қарасу ауылдық округіне қарасты Қазанғап ауылы бағытындағы автомобиль жолында орналасқан көпірдің жағдайы алаңдаушылық туғызуда.

Аталған көпірдің қирай бастағанына 2–3 жыл болған. Алайда осы уақытқа дейін тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Ең сорақысы, жүргізушілерге қауіп туралы ескертетін арнайы жол белгілері де қойылмаған.

Бұл жолмен күнделікті қатынайтын ауыл тұрғындары мен көлік жүргізушілерінің өмірі мен қауіпсіздігіне елеулі қатер төніп тұр.

Осыған байланысты бірқатар өзекті сұрақ туындайды:

1. Аталған көпірдің техникалық жағдайына қай мемлекеттік орган жауапты?
2. Неліктен 2–3 жыл бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген?
3. Неге қауіпті учаскеге ескерту белгілері орнатылмаған?
4. Көпірді қалпына келтіру жұмыстары қашан басталады?

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерінен, сондай-ақ автомобиль жолдарына жауапты құзырлы мемлекеттік органдардан осы мәселеге назар аударып, көпірдің техникалық жағдайын тексеруді және шұғыл қауіпсіздік шараларын қабылдауды сұраймыз.

Адам өмірі мен қауіпсіздігі бәрінен қымбат. Қайғылы жағдай орын алғанын күтпей, мәселені дер кезінде шешу қажет!

Бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғам белсенділерінің назарынан тыс қалмауы тиіс.

댓글
기타 기사