«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды

274
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KFj6KuhQe89bG5piQN9sMsu1MlCnIKCjTKdP07cs.png

«Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «ҚТЖ» басшысы Елжас Отыншиев ұсталды. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Олар жемқорлық жасады деген күдікке ілінген.

Қазіргі уақытта іс бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,– делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» – Қазақстанның ірі стратегиялық кәсіпорындарын басқару және олардың тиімділігін арттыру мақсатында құрылған мемлекеттік әл-ауқат қоры. Қордың құрамына мұнай-газ, көлік, энергетика және телекоммуникация салаларындағы ірі компаниялар кіреді. Олардың қатарында «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазатомөнеркәсіп», «Air Астана», «Қазақтелеком» және KEGOC бар.

Нұрлан Жақыпов 2023 жылдың сәуір айында «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы болып тағайындалған.

Ал Елжас Отыншиевтің аталған қызметте небәрі 4 ай ғана жұмыс істеген. Ол биыл 20 шілдеде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының төрағасы болып тағайындалған.

댓글
기타 기사