16 жылқы ұрлаған күдікті барымташы ұсталды

181
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/JfHnaQ6svkH3ObKxxOB9qM16imQowDCXnhicWpTt.webp

Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысында 16 бас жылқыны ұрлады деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Адырна".

Тергеу дерегінше, ол ұрланған малдың жетеуін сойып, етін сатып жіберген. Мал иесіне 24 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы құмды алқапта орналасқан жайылымда болған. Күдікті қараусыз жүрген жылқыларды байқап, оларды ұрлауды жоспарлаған. Ол өзіне тиесілі айғырға мініп, жылқыларды үйірімен бірге айдап әкеткен.

Кейін күдіктінің ұрланған 16 жылқының жетеуін сойып, етін сатып жібергені анықталған.

Қазіргі уақытта ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшерде мал ұрлау бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция өкілдері мал иелерін төрт түлікті қараусыз қалдырмай, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

댓글
기타 기사