Таза Қазақстан – таза орта!

203
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ItsFUYIBavfk8x7IvtO8YQkKOmw3sP1TMQAJ4byW.jpg

Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында мектеп оқушылары арасында танымдық квиз-тест ойыны ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғатты аялау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру тақырыптары бойынша өз білімдерін сынады. Қызықты сұрақтар мен танымдық тапсырмалар арқылы оқушылар өзара білім сайысына түсіп, белсенділік пен тапқырлық танытты.

Квиз ойыны оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, жанашырлық сезімін және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақты табиғатты қорғауға, айналасын таза ұстауға және экологиялық мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелейді.

Таза табиғат – жарқын болашақ кепілі! Тазалық – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!

댓글
기타 기사