Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы өткізу бекеті жабылады

106
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KnZmbfbVPccTp4RGv0myhpMQVUUrGWxvOJGrdDmP.jpg

Сурет: Sputnik Қырғызстан

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы Шу облысында орналасқан «Чалдыбар» өткізу бекеті уақытша жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

25 қараша сағат 01:00-ден бастап бекет арқылы көліктің барлық түрін өткізу тоқтатылмақ.

Шектеу «Чалдыбар» бекетіне қарама-қарсы орналасқан Қазақстанның «Сыпатай батыр» өткізу бекетінде жүргізілетін құрылыс жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.

23 қарашадан бастап елімізден Қырғызстанға жүк көліктерінің кіруіне шектеу қойылған. Ал 25 қарашадан бастап жеңіл және жүк көліктері, сондай-ақ автобустардың қозғалысы толық тоқтатылады. Дегенмен, жаяу жүргіншілер шекарадан еш кедергісіз өте алады.

Қазақстан тарапының алдын ала мәліметінше, көлік қозғалысын 2027 жылдың соңына қарай қайта жандандыру жоспарланып отыр.

Бекет жабылған кезеңде жүргізушілерге Шу облысындағы «Ақ-Жол», «Ақ-Тілек», «Кең-Бұлын» және «Тоқмақ» өткізу бекеттерін пайдалану ұсынылады.

댓글
기타 기사