Nvidia Дженсен Хуангты бас директор қызметіне қайта тағайындады

196
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jhcVAqWTMj7QAXfnU8DqRTt9qDTKPuSiMS9sZJIC.webp

Nvidia директорлар кеңесі Дженсен Хуангты компанияның бас атқарушы директоры қызметіне қайта тағайындау туралы шешімді бірауыздан мақұлдады. Шешім күшіне енгғн. Бұл туралы 23 қарашада Nvidia компаниясының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Хуанг компания президенті және бас атқарушы директоры қызметтеріне қайта оралған. Сондай-ақ директорлар кеңесінің құрамына қайта қосылған. Мұндай шешім онымен өткен бірқатар кездесу мен келіссөзден кейін қабылданған.

Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, директорлар кеңесі Хуангтың ашықтығына және Nvidia компаниясын басқару қабілетіне көз жеткізген.

12 қарашада Дженсен Хуанг жеке өміріне қатысты дау мен АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне төнуі мүмкін қауіптер туралы хабарламалар аясында Nvidia басшылығынан кеткен болатын. Оның орнына уақытша компанияның қаржы директоры Колетт Кресс тағайындалған.

17 қарашада директорлар кеңесінің төрағасы Харви Джонс Nvidia Хуангты қызметіне қайта тағайындауды жоспарлап отырмағанын мәлімдеген еді. Алайда арада алты күн өткен соң компания басшылығы бұл шешімді қайта қараған.

Компания негізін қалаушының қызметіне қайта оралуын технология саласының өкілдері де ашық қолдаған. АҚШ президенті Дональд Трамп та Хуангты бұрынғы қызметіне қайтаруға шақырған болатын.

댓글
기타 기사