Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар шетелдегі елшілерді тағайындады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Президенттің Жарлығымен:
Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Еркін Қадырбекұлы АхинжановҚазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
기타 기사
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз