“22 экипаж мүшесі бар”. Оңтүстік Кореяда жүк кемесі суға батып кетті

3907
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/98399727-8d6c-4a64-81a7-04e5f0980c08.jpeg
Оңтүстік Кореяның Чеджу аралында бортында жүк кемесі суға батып кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Yonhap агенттігінңң хабарлауынша, кеме бортында 22 экипаж мүшесі болған: 14 КХР азаматы және сегіз Мьянма азаматы. Гонконгта тіркелген Jin Tian кемесі ағаш тасыған. Ол сәрсенбі күні түнде Чеджу аралында Согвипхо қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 148,2 шақырым жерде батып кетті. Жағалау күзеті екі экипаж мүшесі құтқарылған, қалғандары іздестіріліп жатқанын айтты.
댓글
기타 기사