Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды

4734
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/02/5ee612ab-6e8d-4d2f-9dd3-6c4e733e17ff.jpeg
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабардайды “Адырна” ұлттық порталы.  Сондай-ақ, Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр. Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5834-ке жетті, 34 810 адам жарақат алған.
댓글
기타 기사