Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі 2023 жылдың наурыз айында Қонаев қаласында ашылған Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсететін жаңа орталыққа барды.
Бұл мекеменің сыйымдылығы – 35 орын. Іс-шаралар құпия және ақысыз өтеді, бұл әйелдер мен балалардың барынша қорғалуына мүмкіндік береді. Әйелдер орталықта 24 сағаттан 6 айға дейін бола алады. Жаңа мекемеде психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік кеңес беруді қоса алғанда, 8 түрін қамтитын арнайы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі ұсынылады. Орталықта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдардың стационарлық әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне барлық жағдай жасалған.기타 기사
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз