Хоккейден әлем чемпионаты. қазақстандықтар Швейцариямен ойында жеңіліс тапты

4734
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/izobrazhenie_2023-05-17_092219800.png
Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы үшінші кездесуінде Швейцария құрамасынан 5:0 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бірінші кезеңде қарсыластар есеп ашса, екіншісінде тағы екі ұпай соқты. Ойынның үшінші бөлігінде швейцариялықтар есепті өз пайдасына 5:0 аяқтады. Швейцария – Қазақстан – 5:0 (1:0, 2:0, 2:0) 1:0 - 04:48 - Гейзер (Хаас, Миранда) 2:0 - 27:34 - Герцог (Фора, Риат) 3:0 - 30:59 - Риат (Ричард, Герцог) 4:0 - 40:44 - Нидеррейтер (Мальгин, Кукан) Г.Б 5:0 - 49:31 - Леффель (Сентель) Қақпашылар: Геони - Шутов (Бояркин, 50:29-60:00) Самат Данияр Қазақстан құрамасы сапында соңғы ойынның үздік ойыншысы болып танылды. Қазақстан құрамасы келесі ойынын 17 мамырда өткізеді, кездесу Астана уақытымен 23:20-да басталады.

"Адырна" ұлттық порталы

댓글
기타 기사