6 адам қаза тапты. Ресейдің Қазақстанмен шекарасында тікұшақ өртенді

2781
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/e153f26e-fa61-4762-b727-9b492badc0d2.jpeg
Ресейдің Қазақстанмен шекарада орналасқан Алтай Республикасының Көксу ауданындағы Тыңғыр елді мекенінде Ми-8 тікұшағы өртеніп кетті. Салдарынан 6 адам қаза тапты. Бұл туралы Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 
"Оқиға орнында өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Қосымша ақпарат анықталып жатыр", – делінген Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Алтай Республикасы бойынша Бас басқармасының хабарламасында.
Алдын ала болжам бойынша, тікұшақ электр сымдарына тиген. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, Ми-8 бортында 13 адам болған. Оның алтауы қаза тапты.
댓글
기타 기사