“Алакөл айналасы дәретханаға айналып барады!”

2739
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/22aae90d-52a5-4398-a066-72f0ca686166.jpg
Бүгінде Абай облысы мен Жетісу облыстарының арасында орналасқан Алакөл көлінде демалушылар айнала тазалығына наразылығын білдірді, деп жазады “Адырна” Видеода ғажайып көлдің айналасында демалушыларға жағдай жасалмағаны көрініп тұр. Жылына 1 милионнан астам адам демалуға келетін бұл аймақта қолдан жасалған киім ауыстыратын бұрыш қана бар. Жұртшылық “жағажайда дәретхананың жоқтығы көлдің былғануына әкеліп жатыр”,-дейді. Өйткені бірнеше минуттық жерде орналасқан дәретханаға барудың орнына кейбірі суға дәрет сындыра салғанды жөн көреді-мыс. Сол себепті демалушылардың дені ең болмаса, био-дәретхана қоюды сұрайды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 
댓글
기타 기사