Мемлекет басшысы Марокко королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады

3303
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/ec4d9252-bdd5-47d0-a94a-ec5cbe45c430.jpg
Мароккода 7,2 баллдық жер сілкінісі болды.  Елдің ішкі істер министрлігі жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар санын 290-нан асуы мүмкін деп болжады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты, делінген Ақорда хабарламасында. Жеделхатта:
"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын", – деп жазылған.
Еске сала кетейік, Мароккода болған үлкен жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 296 адам қаза тапты. Мұндай алдын-ала мәліметтерді Солтүстік Африка Корольдігінің Ішкі істер министрлігі сенбіде, 9 қыркүйекке қараған түні жариялады. Тағы 153 адамның жарақат алып, ауруханаларға жеткізілгені айтылды.

"Адырна" ұлттық порталы

댓글
기타 기사