Композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысты күдікті ұсталды

3327
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/izobrazhenie_2023-09-20_114733069-960x500.png?token=960a47983499643bd2c31d4478de8b1c

Әнші, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес,  дерек Алатау аудандық полиция басқармасына тіркеліп, ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Аталған қылмысты жасады деген күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын әлеуметтік желіде араққа салынып, көшеде түнеген ақын әрі композитор Арман Қайназаровтың видеосы тарады. Кейін өмірден озғаны да хабарланды.

 Ол 4 қыркүйекте "Шаңырақ" шағын ауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп, сол күні жансақтау бөліміне түскен. Кейін оның комаға түсіп, 19 қыркүйекте көз жұмғаны хабарланды.

댓글
기타 기사