Әскерге жарамды 3,5 мыңға жуық ресейлік Германиядан баспана сұраған

3449
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/photo-output-9.jpeg
Ресей Украинаға басып кіргелі бері әскерге жарамды 3,5 мыңға жуық ресейлік Германиядан баспана сұраған. Олардың ішінде 90-ға жуық азаматтың өтініші қанағаттандырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі RND медиаға сілтеме жасап. Көші-қон және босқындар ісі жөніндегі федералдық басқармасының айтуынша, осы уақытқа дейін 1500-ден астам өтініш бойынша шешім қабылдаған. Шамамен 1100 өтінішке қатысты шешім Дублин келісіміне сәйкес шығарылған. Оған сай босқын мәртебесін беру процесіне Еуроодақ жауапты.
댓글
기타 기사