Футзалдан Қазақстан құрамасы Румынияны жеңді

3732
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/fa780e91-d506-4018-803b-0b2576bf6420.jpeg

Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының соңғы іріктеу матчында сырт алаңда Румынияны жеңді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бухарестте өткен Elite Round A тобындағы кездесу 2:0 есебімен Рикардо Кака шәкірттерінің пайдасына аяқталды.

Бірінші таймда 8-минутта Шыңғыс Есенаманов бірінші голды соқты. Кездесудің 2-таймында Біржан Оразов қорытынды есепті қойды.

Біржан Оразов, Игита бастаған Қазақстан құрамасы келесі жылы күзде Ташкентте өтетін Әлем Чемпионатына қатысады.
댓글
기타 기사