Семейдегі сауда орталығында өрт шықты

2941
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/fe52ea86-40f6-4039-9d88-b5793d91d1da.jpeg

Семейде «Ақшын» сауда орталығы өртке оранды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Abainews Telegram арнасында хабарланғандай, өрт таңғы уақытта басталған. "Семейдегі ең үлкен киім базарындағы өрт шамамен сағат 03:00-де болды. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жалынды сөндірді", - делінген Абай облыстық полиция департаментінің хабарламасында. Өрттің шығу себебі мен оның аумағы әзірге белгісіз.

“Адырна” ұлттық порталы

댓글
기타 기사