Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «ННЦСН және И» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 24 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 4-тен 58 минут 53 секунд кеткенде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан – афтершок. ТЖМ мәліметінше, Алматы қаласында – 3 балл. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,6. Тереңдігі – 5 км. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат жоқ.“Адырна” ұлттық порталы