Алматыда 8 қап ақбөкен мүйізін сатпақ болғандар ұсталды

2601
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/f73c0450-36f4-46b8-9586-8ca88295034e-960x500.jpeg?token=62e279c2f3c49b538f2281174d3e467b

Алматыда төрт адам 8 қап ақбөкен мүйізін сатпақ болған. Күдіктілер Алматы қаласы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген арнайы іс-шараның нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Арнайы іс-шараның негізгі кезеңін Алматы облысының аумағында жедел қызметкерлер мен арнайы жасақ жүргізді. Ол жерде «Хюндай» автокөлігі тоқтатылды, оның ішін тінту барысында 1 мың 212 дана көлеміндегі 8 қап мүйіз табылды және тәркіленді. Күдіктілер ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов. ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
댓글
기타 기사