Ұлттық құраманың бас бапкері Болгария клубын жаттықтыруы мүмкін

2592
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/cherchesov-stanislav-960x500.jpg?token=9f5a3c126b9e784335fe93305eeab910
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов болгариялық «Лудогорец» клубының жаттықтырушысы болуы мүмкін, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап. Болгария БАҚ-ының мәліметінше, Черчесов қазір Разград қаласында клуб басшыларымен соңғы келіссөздер жүргізіп жатыр. Ол 17 тамызда өтетін ойыннан соң команданың бас бапкері қызметіне тағайындалады деп болжанып отыр. Еске салсақ, Станислав Черчесов екі ай бұрын Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне сайланған еді.
댓글
기타 기사