Министрлік Жамбыл облысында алты адамның өмірін қиған жол апатына қатысты мәлімдеме жасады

2587
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_6939.jpeg
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бүгін, 17 тамызда Жамбыл облысында қаза тапқан полицейлердің отбасыларына көңіл айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Меркі-Шу-Бурылбайтал» тас жолында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызметтік борышын өтеу кезінде қайғылы қазаға ұшыраған полиция қызметкерлерінің елге сіңірген еңбегі ұшан-теңіз», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. Сәденов қаза болғандардың отбасыларына «толық қолдау және қажетті көмек көрсетуге» уәде берді. Сондай-ақ ол 16 тамыздан 17 тамызға қараған түні орын алған жантүршігерлік апатқа қатысты тергеу барысын қадағалап отырғанын айтты. Естеріңізге сала кетейік, республикалық маңызы бар Меркі – Шу – Бурылбайтал тас жолының 40-шы шақырымында екі көлік соқтығысқанын жазған болатынбыз. Апат салдарынан екі полицей қызметкері және тағы 4 адам қаза тапқан болатын. Қызметкерлердің бірінің 11 баласы бар екені айтылған еді.
댓글
기타 기사