Алматыда Республика күніне орай дрондар шоуы өтеді

2315
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/558215e8-24fb-48f5-b90a-ac917ee6b34a-960x500.jpeg?token=c161fc29a70c32d4d5f52aad480ba4eb
Алматыда Республика күні мерекесіне орай дрондар шоуы ұйымдастырылмақ. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мәлімет бойынша, оны екі жерден және екі түрлі уақытта тамашалауға болады. “Бүгін сағат 21:00-де Абай алаңында және 21:30-да «Астана» алаңында дрондар шоуы өтеді. 500-ден астам дрон ұлттық мәдениеттің элементтерін және ел тарихындағы маңызды оқиғаларды бейнелейтін 3D көріністерді жасайды”, деп жазылған әкімдік мәлімдемесінде. Сондай-ақ, сағат 20:00-де «Көктөбе» телемұнарасында мерекелік жарық шамдары қосылады.
댓글
기타 기사