Жүктіліктің жетінші айында. Жамбылда 12 жастағы қызды екі ер адам зорлап келгені айтылды

2681
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/ojynshyқ-960x500.jpg?token=f4783b3888577beb761e5fd360c9cc97
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданына қарасты ауылдардың бірінде кәмелетке толмаған жасөспірім зорланған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.
12 жастағы қызды әкесінің 37 және 35 жастағы екі інісі зорлап келгені анықталған.
Қыз бала жүкті болып қалғаннан кейін ғана бұл сұмдық жайлы жұртқа мәлім болған. Ал оқушының өзі жағдай туралы ешкімге айтпастан мектепке барып жүрген. Қазір 12 жастағы қыз жүктіліктің жетінші айында. Оқушы қыздың нағашылары балаға қысым жасалуы мүмкін деп қорқып отырғанын айтады.
댓글
기타 기사