Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке барды

1372
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/whatsapp-image-2024-11-06-at-12.29.49.jpeg
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп. Мемлекет басшысын Манас әуежайынан Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды. Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстандық БАҚ-та Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкекте өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммитіне қатысатыны туралы ақпарат жарияланған болатын. Еске салайық, бүгін Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті XI саммиті өтіп жатыр. Саммиттің тақырыбы – «Түркі әлемін нығайту: экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және баршаға қауіпсіздік». Саммит жұмысына Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары, сондай-ақ ТМҰ-ның бақылаушы елдерінің көшбасшылары қатысады. ТМҰ-ға мүше елдер – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан, ал бақылаушы елдер – Түрікменстан және Венгрия. ТМҰ-ның бас кеңсесі Ыстамбұлда орналасқан.
댓글
기타 기사