Бір адам көз жұмған тікұшақ апатының болжамды себебі айтылды

2112
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/bf7a8c52-ce25-49e7-92da-3f694b3f89cb-960x500.jpeg?token=bdaaedfce897bd1720de7f4f52ade31d
Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында тікұшақ апатына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонды. Бортта болған 3 экипаж мүшесінің 2-еуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Апатқа қатысты министрлік мәлімдеме жасады.
"Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты. Авиациялық оқиғаның алдын ала себебі — техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеуде. Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады", — делінген министрлік хабарламасында.
Ведомство атап өткендей, оның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі.
댓글
기타 기사