«Спорт – біздің серігіміз!»

1077
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/e6bd794b-9c5a-48e3-b5e0-20884d1077b8.jpeg
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “17 қараша - Халықаралық студенттер күніне” арналған ОАОО студенттері арасында «Спорт – біздің серігіміз!» атты спартакиада басталды. Жарыстың ашылу салтанатында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Бектаев Ернар Нұралыұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыстың мақсаты: • Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жастардың денсаулығын нығайту; • Әртүрлі оқу орындарының студенттері арасында достық қарым-қатынасты арттыру; • Жастардың спортқа деген қызығушылығын оятып, олардың шеберлігін шыңдау. Спартакиада 4 спорт түрінен өтеді: 1. Үстел теннисі; 2. Бел темірге тартылу; 3. Волейбол; 4. Кір тасын көтеру. Бұл шара жастардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға шабыттандыруға бағытталған.
댓글
기타 기사